Индерлік Салтанат - үздік креативті кітапханашы атанды

Көктемнің алғашқы күні Атырау облыстық Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Ауыл мектебінің креативті кітапханашысы» байқауы өтіп, креативті мамандар анықталды.

Байқауға ауыл мектетерінен 8 кітапханашы қатысып, бақ сынасты. Олар ІІІ турдың алғашқы теориялық бөлімінде кәсіби  құзыреттіліктерге арналған тест сұрақтарына жауап берсе, кейін түрлі тақырыпта тапсырмалар орындады. Ал қорытынды кезең «Кітапханалық маркетинг» те өз кітапханаларын жарнамалау арқылы қаншалықты креативті екендерін дәлелдеді.

Нәтижесінде, қай сыннан да сүрінбей өтіп, жоғары нәтиже көрсеткен Индер ауданы Аққала орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Салтанат Қуанышкереева І орын иеленіп, жеңіске жетті. Ал ІІ орынды Мақат ауданы С.Шарипов атындағы мектеп –интернатының кітапхана меңгерушісі Гүлайым Мединеева иеленсе, ІІІ орынды Исатай ауданы Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектеп кітапханашысы Толқын Қарабалина қанжығасына байлаған.

Байқауда бақ сынаған өзге қатысушылар Әдістемелік орталықтың арнайы алғыс хатымен марапатталды.

Байқауда өзгелерден озық ойлы көрінген Салтанатпен тілдескенімізде:

- Ауа райының қолайсыздығына байланысты өзім сайыстың басталатын уақытында бардым. Барлығы номер суырып болған екен. Амандасып кіргеннен кейін, бірден реттік номерімді суырып, орныма отырдым. Сосын басталып кетті. Барлық ауданнан келген қатынасушылар да өте жақсы дайындықпен келген. Ауданнан әріптестерімнің үмітін арқалап барған соң, әрине қобалжу мен қорқыныш та болды, - деген ол байқауға барарда көп қолдау көрсетіп, көмектерін аямаған аудандық білім бөлімінің кітапхана ісі жөніндегі әдіскері Гүлнұр Темірғалиқызы мен барша әріптестеріне шексіз алғысын блдірді.

 

Ақмарал Бокирова

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521