Индерлік палуандар бабында

Атырауда спорт шеберлерін еске алуға арналған еркін күрестен турнир мәресіне жетті. 

- Жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған бұл турнирге қала және 7 ауданнан келген 160-тан астам жас палуан қатысты. Олар 11 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты. Турнирде жаңа оқу кезеңін бастаған шәкірттеріміз де бақ сынап, жүлдемен оралдық, - дейді аудандық балалар спорт мектебінің еркін күрес бөлімінің бапкері Ержан Төреханов.

Атап айтқанда, индерборлық шәкірттерінің арасынан Айқын Мейрамов 85 кг салмақ дәрежесінде 1-орын және Сейтқали Әбілмансұр 68 кг салмақта жүлделі 3-орынды жеңіп алды. Осы додада аудандық балалар спорт мектебінің Елтай ауылдық филиалының бапкері Қанат Мыңбаевтың шәкірттері де жарады. Оның ішінде Ерболат Ерхан 1 орын, Төлеген Әлім мен Борис Мадияр 2 және 3 орынды иеленді. Сонымен қатар облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында тәрбиеленіп жатқан елтайлық өрен Ерасыл Болатов 57 келі салмақта 1орыннан көрінді.

САЛАМАТ Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT