ИНДЕРЛІК МАНАРБЕК АЙТҚҰЛОВ МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

 

9-шілде Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сала мамандарын қабылдап, бірқатар мемлекеттік наградалар табыс еткен болатын.

Оның ішінде, бүгінде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты «Қазсушар» РМК Ақмола филиалында инженер-гидролог қызметін атқарып жүрген жерлесіміз Манарбек Төлегенұлы Айтқұлов  Президент қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.

Индер ауданында туып өсіп, алғашқы еңбек жолдарын аудан әкімі аппаратында бас маман қызметінен бастаған Манарбек Төлегенұлы бүгінде Астана қаласында абыройлы еңбек етуде.

Жерлесімізді мемлекеттік марапатымен құттықтай отырып, денсаулық, табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT