Индерлік аналар алқа тағынды

Ел демографиясын дамытуға қосқан үлестері үшін бір топ аналар құрмет белгілеріне ие болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №421 Жарлығымен ауданымыздан бір ана алтын, төрт ана күміс алқамен марапатталды.

Атап айтқанда, Индербор кентінің тұрғыны, жеті бала тәрбиелеп өсірген Есқайырова Салтанат Сырымқызы «Алтын алқа» алса, алты баланың аналары индерборлық Динара Құмысбаева, өрліктік Гүлбаршын Аманжол, Бағила Ибраемова мен көктоғайлық Гүлбаршын Габдуллина «Күміс алқа» тағынды. Мемлекеттік наградаларды округ әкімдері аналарға табыстап, қуаныштарымен құттықтады.

Егемен елдің ертеңіне ел тұтқа болар тұлғаларды өмірге әкеліп, тәрбиелеп-өсіріп отырған абзал жандар қандайма болмасын құрметке ие.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521