Индерлік тұрғын әйелін ұрып-соққан

Таяуда индерлік азамат заңды некедегі жолдасын ұрып-соғып, тән ауруына ұшыратқан.

Бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған күш қолдану әрекеттерiн жасаған.

Аудандық сот залының хабарлауынша, «Whatsap»-бағдарламасы арқылы сот отырысына байланысқа шыққан А.С.А. есімді ер азамат өз түсінігінде, әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын толықтай мойындап, қазіргі уақытта жәбірленуші жолдасы И.Н.М. татуласқанын, жазбаша медиациялық келісім жасағанын айтып, әкімшілік жауаптылықтан босатуды сұраған.

Сотта әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғамен жәбiрленушi медиация тәртібімен татуласып, судья медиатордың қатысуымен жазбаша келiсiм жасағандығы анықталды.

Сот іс құжаттарын зерттей келе, А.С.А қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 73-2-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес қозғалған әкімшілік іс осы Кодекстің 64-бабында көзделген тәртіппен тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты іс тоқтатылды.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521