ЖАСТАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСТАМАСЫМЕН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»ШЕҢБЕРІНДЕ «ECO JASYL MARAFON-2025» АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
Акция аясында ұлттық тарих пен мәдениетімізде айрықша орны бар қасиетті нысандар – Махамбет Өтемісұлы, Малайсары би, Мұрат Мөңкеұлы мазарлары, Димаш төбенің аумағында кең көлемді сенбіліктер өткізу жоспарланған. Алғашқы марафон Индербор кентінен 40 шақырым қашықтықта орналасқан Ма- хамбет Өтемісұлы мазарынан бастау алды. Акцияға 14 пен 35 жас аралығындағы белсенді 40-тан аса жас қатысып, туған өлкенің тарихи мұраларын қорғауға, экологиялық мәдениетті дамытуға өз үлестерін қосты. Шара барысында тарихи- мәдени ескерткіштердің айналасы тазартылып, көркейтілді.
– «ECO Jasyi Marafon-2025» акциясы жастардың бірлігін нығайтып қана қоймай, ұлттық сананы жаңғыртуға, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған ауқымды іс-шара болды деуге болады. Сенбілікке қатысушыларға қажетті құрал-жабдықтар (күрек, тырнауыш, қолғап, қаптар, ақ балшық, қара түсті сыр), көлікпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылды. Жалынды жастар жүрген жерде берекелі іс болары анық қой, олардың бұл бастамала- рына «Индер су» мекемесінің қызметкерлері де қолдау көрсетіп, тазалыққа атсалысты. Алдағы уақытта аталған нысандар бойынша акцияға қатысуға қызығушылық білдірген ерікті аудан жастары болса, аудандық ішкі саясат бөлімі мен Жастар ресурстық орталығына хабарласуға болады,-дейді салалық бөлімнің басшысы Анаргүл Дюсубалиева.
С.КӨШЕКОВ