Индердегі орталық баққа 10 миллион бөлінді


Біздің естуіміз бойынша кезінде орталықтағы саябақты Бегәлі қарттың бір өзі баптап, жанға сая болар баққа айналдырған. Әрине су құбырын тартып берген. Бірақ жас талдың зәулім терекке айналуы үшін күтім керек емес пе?  Міне, осы тұрғыда бұл бағбанның еңбегін аңыз етіп айтып жүретіндер бар.

 Өкінішке орай біз мұны әлі жөнді ұстай алмай отырмыз. Егілген талдардың дені жерсіңіп кетіп жатқан жоқ. Мысалы, Индербор кенті әкімінің орынбасары Қ.Нұриевтің айтуынша орталық бақты суарып тұру үшін бюджеттен 10 миллион теңге бөлініп, «ДелТехСтрой» ЖШС-мен бір көзден келісім шартқа отырыпты. Өкінішке орай күз айы болды әлі күнге жазғы судың құбырын тартумен әлек. Өткен жылы күзде трактормен жер қазып, ағаш егіп жатқанын да көргенбіз. О заманда бұ заман тал отырғызу үшін топырағы бос жерді трактормен қазғанды қайдан көрдің? 
Ал егілген талды, оған бөлінген қаржының есебін кім түгендеп жатыр.


Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT