ИНДЕРДЕГІ ҚАЙТА ТҮЛЕГЕН КӘСІПОРЫН

 «Волма» компаниясы Ресей Федерациясындағы гипс және цемент негізіндегі құрылыс және әрлеу материалдарының ең ірі өндірушісі саналады. Мемлекеттік компания 1999 жылы Волгоград гипс зауытының негізінде құрылған. Қазір Ресейде бірнеше зауыты жұмыс жасайды. Атал - мыш компания Индердегі гипс зауытын 2023 жылы толықтай сатып алған.

– Өндіріс орнында өнім сапасын арттыру үшін заманауи технологиялар мен автоматизация жүйелерін енгізу өте маңызды. Бұл әдістер өнімнің өндіріс процесін оңтайландырып, адам күшін азайтады. Жаңа құрылтайшы компания Индердегі гипс зауытын сатып алғаннан кейін кәсіпорнымыздың заманауи технологиялар мен автомати - зация жүйесінде бірқатар жаңашыл өзгерістер еніп жатқанын айта аламын. Мысалы, былтырға дейін қапталған өнімдердің бәрі қол күшімен жиналып келген екен. Қазір адамның еңбегін жеңілдету мақсатында қапшықталған өнімдерді текшелеп жинап шығаратын арнайы автоматты стансаны қосып қойдық. Қазір, міне, өзің көргеніңдей, бұл қызметтің бәрін робот жинап, сыртын паллетайзермен орап беріп тұр. Бұрын дайындалған гипс өнімдерінің бәрін қаптау үшін қол күші қажет болатын. Оның бәрі де автоматтандырылған жүйеге ауыстырылды. Жалпы зауыт толықтай автоматтандырылған. Бәрі компьютермен басқарылады. Сондай-ақ қажетті арнайы жүк тасымалдайтын көліктер де алынуда. Яғни құрылтайшы компания біздің зауыттың нарықтың бәсекесіне сай қалыпты жұмыс жасауына бар жағдай жасап, қомақты қаржысын құюда, – дейді серіктестіктің басшысы Нұртай Нұржанұлы.

Өндірістік алаңда тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс жүруде. Күніне 12 сағаттық ауысымында 150 тонна өнім шығарады. Шығарылған әр өнім қоймада сортымен қатарласып жинаулы. Одан әрі кезегімен зауытқа келіп тұрған теміржолдың вагондарына тиеліп, гипс өнімдері еліміздің өзге аймағына жөнелтіледі. Қазір кәсіпорын гипс өнімдерінің 70 пайызын Индер-Мақат теміржолы арқылы тасымалдауда. Әттеген-айы, аталмыш теміржол желісі әбден тозып тұрғаны белгілі. Ескі жолмен жүк та - сымалдау қиындап бара жатқандықтан, аудандағы басқа кәсіпорындар да өнім көлемін еселей алмай отыр.

Егер де Атырау-Орал теміржолы кешікпей уақытында салынса өңіріміздің көліктік- транзиттік әлеуеті артып, осындай іргелі кәсіпорындардың дамуына тың серпін берер еді. «ИндерГипс» ЖШС-де өткен ма - мыр айында аталмыш ескі теміржол жүйесінде тасымалда қиындықтар туындаған екен. Қазір қайта жағдай түзеліп, істері оңынан жүруде.

Сондай-ақ серіктестік басшысынан гипс өнімдерін зауыттан жүк көліктерімен алып отырған тұтынушыларының да бар екенін білдік

 

Саламат БАЗАРБАЕВ

Жалғасын "Дендер" газетінің 30 шілдедегі

№30 санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT