Индердегі дәріханаларға мониторинг жүргізілді

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес медициналық қызмет лицензиялауға жатады және лицензиялауға жататын медициналық қызметтің түрлері Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңында айқындалған. Осы ретте аудандағы дәріханалар мен жеке меншік клиникалардағы жеке меншік процедуралық кабинеттердің жұмысына мониторинг жүргізу мақсатында аудан әкімінің орынбасары А.Мурзиннің төрағалығымен жұмыс тобы құрылып, Индербор кентіндегі бірқатар медициналық нысандарды аралады.

Жұмыс тобының құрамындағы Индер аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ақмарал Қосымбаева, аудан әкімі аппаратының бас маман-заңгері Сәттібек Дюсенбиев, аудандық қоғамдық кеңестің хатшысы Жарқынай Қамалғалиева жеке кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнамалар мен жауапкершіліктер жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 


Бас санитариялық дәрігер Ақмарал Досымбетқызының айтуынша, медициналық қызметті лицензиялау «Медициналық қызмет көрсету лицензиясын беру» мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 


– Бұл қызметті облыс бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау бойынша арнайы ұйым жүргізеді. Медициналық қызметке лицензия алу үшін объект кәсіби талаптарға сәйкес болуы қажет және санитарлық ережелерге сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алуы қажет, - деді ол. 


Ал медициналық лицензиялау ережелеріне сүйенсек, объектінің санитарлық эпидемиологиялық қорытынды болуы расталғаннан кейін де, мамандардың мамандық бойынша маман сертификатына ие болғаны, соңғы бес жылда медициналық қызметтің тиісті түрі бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені болуы шарт екен. Тағы бір айта кетерлігі, жұмыс істеп тұрған медициналық және арнайы жабдық, аппаратура мен құралдар, приборлар, жиһаз, инвентарь, көлік және басқа да құралдар медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкес болу керек.


 Аудан әкімі аппаратының бас маман-заңгері Сәттібек Дюсенбиев түсінік жұмыстары аясында дәріханалар жанынан процедуралық кабинеттер ашылған жағдайда Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы “Рұқсаттар және хабарламалар туралы” Заңына сәйкес тиісті лицензиялар алынып, санитарлық талаптар сақталуы қажет екендігін ескертті.

Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT