Индерде жұмыссыз қалған 58 адам құжат тапсырды

Төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқан жұмыс істейтін қазақстандықтар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге қаржылай көмек көрсетуді қолға алды. Индер ауданында да бұл көмекті алушылар тіркелген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев төтенше жағдайды еңсеру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында халықтың әл-ауқатын төмендетпей мейлінше қажет болған шараларды қабылдау турасында ел Үкіметіне нақты міндеттер жүктеген болатын.

Осыған орай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Ажар Серікқалиеваның айтуынша, алғашқы кезекте аудан бойынша электронды жүйе арқылы 58 адам құжат тапсырыпты. Күні бүгінге солардың 17-сі қажетті қаржыны алу мүмкіндігіне ие болған көрінеді. Қалған азаматтардың тиісті сараптамадан өту үсітнде.

Жалпы алғанда алдағы уақытта әлеуметтік көмек алушылардың қатары өсе түседі деп күтілуде.

С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521