Индерде «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Қоғамдық көліктегі оқыс оқиғалар мен құқыққа қарсы әрекеттердің жиілеуіне орай, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға бақылауды күшейту, жеке адамдар тарапынан жолаушылар мен жүкті заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау мақсатында республика аумағында 21-23 шілде аралығында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Аталған жедел-профилактикалық іс-шараның басты мақсаты жол жүрісі қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін заңсыз қайта жабдықталған көлік құралдарды (оның ішінде автобусдар, минивендер, таксилер) пайдалану фактілерін анықтау және жол жүрісі қағидасын өрескел бұзушылықтардың, оның ішінде көлік құралын мас күйде басқару, жылдамдық режимінен асыру, басып озу, қарсы бағытқа шығу, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, қауіпсіздік белбеулерін мен балаларды ұстап тұру құрылғыларын пайдалану және т.б. фактілердің жолын кесу бойынша тұрақты негізде нұсқама жүргізе отырып, түсіндірме жұмыстарын күшейту болып табылады.


Индер аудандық полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT