Индерде сынақ алаңы болғанын білесіз бе?

Одақ кезінде республикамыз сынақ алаңы болғаның бәрімізде білеміз, одан біздің аудан да шет қалған жоқ және бұл ісін аса құпия ұстады. Оны жариялаған адам қуғынға ұшырады, біздерді жұмыс бабына сай алаңсыз арнайы құжатын, оны елге таратпайтынымыз туралы қолхат алып таныстырды.

Айтайын деп отырғаным Индер ауданындағы "Борат кеншісінің" "Нитронды" кен байыту эксперменталды цехы, міне осы цех аса зиянды, әрі адам өміріне қауіпті цех болатын және  біздің қарсылығымызға қарамай адам көп жұмыс жасайтын.

Және қауіптілігі кеніштің мехцехы мен орталық котелына (бу қазаны) іргесінде орналасуы болды. Осы "Нейтронды " кен байыту эксперменталды цех " Борат" кенінің негізгі қасиетіне сүйеніп жасалған. Борат, бор-кені өзі радиоактивті болмаса да оның радиоактивті саулені бойына сіңіру қабілеті қорғасыннан 10 есе артық әрі отқа төзімді, міне сондықтан атом реакторларын оның ішкі бетін, рентген кабинеттердің ішкі бетін осы материалдармен қаптайды.

Осы цехқа қуаты күшкі радиоактивті сәуле шығаратын кандырғы қойылды, ол лентамен тасымалданып келе жатқан кенге (рудаға ) радиоактивті сәуле шашады лентаның соңында радиоактивті сәулені ең көп қабылдаған кенді түсіріп алатын автомат тұрады сөйтіп гипстегі борат кенінің құрамын 14% жеткізеді, осылай байытылған кенді, ол кезде теміржол жоқ, автокөлікпен Атырауға тасиды, себебі оны кемемен тасуға Сәуірбай қандай қысым болса да рұқсат бермеді екі жақтағы пристанда қаланың ортасында әрі Жайық өзені ластанатын қауіп болатын.

Кейін кенді автокөлікпен тасымалдаған жүргізушілердің денсаулығына қандай зиян келгенін екеуіміз үкімет алдында дәлелдеумен болдық, ақырында бұл цех жабылды, біз жеңдік.

Ғ.Қ.Есқали

Жоғарғы санаттағы дәрігер социал гигинист,

ұйымдастырушы менеджер.  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT