ИНДЕРДЕ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына орай «Конституция – мәңгілік елдің тұғыры» атты салтанатты шара өтті. 

Аудан әкімі Серік Нысанбаев елдігіміздің тұғыры, бірлігіміздің кепілі, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының негізі саналатын басты құжат  қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтып, еліміздің дамуына жол ашқан Конституция күнімен құттықтап, облыс, аудан әкімінің алғыс хаттарын табыс етті. 
Салтанатты  шарада аудандық мәслихат төрағасы Абзал Рамазанов мерейлі мерекемен құттықтап, сала өкілдерін облыстық, аудандық мәслихаттың алғыс хаттарымен марапаттады.
Мерекелік шара Д.Нүрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің сазды бағдарламасымен жалғасын тапты. 

Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT