ИНДЕРБОР КЕНТІ ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ БҮГІНДЕ 16192 АДАМҒА ЖЕТТІ. ӨТКЕН 2024 ЖЫЛМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА, 123 АДАМҒА ӨСІП ОТЫР. ТИІСІНШЕ КЕНТТЕ ЖАҢА МӨЛТЕК АУДАНДАР БОЙ ТҮЗЕП, АУМАҒЫ КЕҢЕЮДЕ.
Тұрғындар саны артқан сайын қоғамдық көлікке сұраныс та арта бастады. Осыдан оншақты жыл бұрын кентішілік бірде-бір қоғамдық көлік болмай, бұл міндетті жеке таксилер ғана атқаратын. Қазір кент ішінде 5 бірдей автобус маршруты жүруде.
Әрине, ескі болуына байланысты жиі істен шығатын автобустарға тұрғындар тарапынан сындар айтылады. Сондықтан аудан әкімі Серік Бағытжанұлы кент ішін маршрутпен қамтып отырған мердігер мекемеге ескерту беріп, осы айдың ішінде авто- бустарды жаңартуды тапсырды.
С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ