banner_damu

Индерде бір тәулікте 13 адам Covid-19 жұқтырған

Атырауда эпидемиологиялық ахуал күн санап ушығып барады. Қазіргі таңда облыстың реанимация бөлімшелерінде 98 пациент жатыр, олардың 10-ы жасанды тыныс алу аппараттарына қосылған.

«Ал, облыста бір тәулікте 435 адам Covid-19 жұқтырған. Қауіпті инфекцияның таралуы Теңіз кен орнында, Жылыой ауданында байқалып отыр» деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 228 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 95 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 56 науқас, Индер ауданында – 13, Исатайда – 13, Қызылқоға ауданында – 9, Құрманғазы ауданында- 6, Мақат ауданында – 6, Махамбет ауданында – 9 адам инфекция жұқтырған.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 88 адам емделіп шықты. Қазір 8 693 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 179, екінші облыстық ауруханада – 190 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 81, кардиоорталықта – 101, теміржол ауруханасында – 102 адам ем алуда, аудандық инфекциялық стационарларда – 372, облыстық ауруханада – 192, жатақханада – 145, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 414 науқас жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика