Индерде ардагерлер  арасында шахмат пен тоғызқұмалақтан аудандық турнир өтті

Спорт кешенінде ардагерлер  арасында шахмат пен тоғызқұмалақ спортынан  аудандық турнир аяқталды. 


- «Индер ауданы ардагерлерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру» жобасы аясында былтыр бірқатар спорттық іс шаралар ұйымдастырылса,  бұл игі іс биыл да жалғасын табуда. Бұл турнирге алтын уақыттарыңызды бөліп, бақ сынауға келгендеріңізге рахмет. Бүгінгі додада шын мықтылар жеңіске жетсін, - деді  жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин. 


Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Абзал Рамазанов, аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Бағытжан Құнас, ардагер журналист Сүйеу Халықов сайыскерлерге сәттілік тіледі. 


Сайысқа барлығы  21 ардагер қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. 
🔹 Шахмат ойыны
1 орын – Далабаев Нұрлыбай (Елтай а/о)
2 орын – Омар Талап (Есбол а/о)
3 орын – Өтеманов Байғали (Жарсуат а/о)
🔹 Тоғызқұмалақ ойыны
1 орын – Мұратов Амангелді (Аққала а/о)
2 орын – Сүндетов Еркін (Өрлік а/о)
3 орын – Досқалиев Бекберген (Есбол а/о)


Барлық қатысушылар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды, ал жеңімпаздарға 50 000, 30 000 және 20 000 теңге көлемінде қаржылай сертификаттар табысталды.


-Бүгінгі турнир Индер ауданы әкімдігінің қолдауымен ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырыс негізінде ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсат  - аудан ардагерлерінің әлеуметтік белсенділігін арттыру, өмірлік тәжірибесін қоғамдық өмірге тиімді бағыттау, бос уақытын мазмұнды әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік жасау, сонымен қатар қоғамда саламатты өмір салтын насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, - деді осы жарысты ұйымдастырушы «Жаныңдамын» қоғамдық қорының төрағасы Мира Есниязова.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT