Индерде «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық алдын-алу іс-шарасы өткізілуде

 

 2025 жылдың 18-20 ақпан аралығында Атырау облысы аумағында «Anti-Fraud» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілуде.  Жедел алдын-алу іс-шарасы ақпараттық технологияларды, соның ішінде интернет-алаяқтықты қолдана отырып жасалған құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған. Соңғы уақытта интернет желісін алаяқтық мақсаттарда пайдалану арқылы құқық бұзушылықтар саны артты. Адамдарды алдау үшін алаяқтар әлеуметтік желілерді, сауда интернет-алаңдарын пайдаланады, жалған интернет – дүкендер, «жалған» парақшалар мен сайттар жасайды.  Осыған байланысты, Атырау облысы полиция департаментінің Индер ауданы полиция бөлімінің полиция қызметкерлері сақтық шаралары туралы ескертеді: 
- парольдерді үнемі өзгертіңіз және ол күрделі болуы керек; 
- төлем жүйелерінде бар, барлық қауіпсіздік жүйелерін қосыңыз: смс растау, IP-мекенжайды бақылау, 3D-secure және т.б.; 
- банк картасын қараусыз қалдырмаңыз, белгісіз және бейтаныс адамдарға жеке деректеріңізді, карта нөмірін және CVV-кодты бермеңіз.
- интернет арқылы тексерілмеген сайттар мен әлеуметтік желілерден әр түрлі заттарды тапсырыс берер кезде толық тексеріп алыңыз.

Аудандық полиция

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT