Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті 9 маусым – Халықаралық архивтер күніне орай, Халықаралық архивтер кеңесі 2025 жылғы 9-13 маусым аралығында бүкіл әлем бойынша Халықаралық архивтер апталығын (IAW 2025) өткізу туралы үндеу тастаған болатын.
Осыған орай, бүгін Индер ауданында «Атырау облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің Индер аудандық филиалы «Қолжетімді архивтер» тақырыбында пікірталас өткізді.
Мақсат – архив саласының мәртебесін арттыру, құжаттарға сараптама жұмыстарын уақытылы жүргізу, өңдеу жұмыстары бойынша тиімді жолдарды қарастыру, құжаттардың ведомостволық архивтерде сақталуын қамтамасыз етуді жолға қою.
Пікірталасқа аудан бойынша 21 мекеменің ведомостволық архивіне жауапты мамандары қатысып, архив құжаттарын сараптау, архивке тапсыру кезіндегі қиындықтар туралы айтып, ведомостволық архив құжаттарын сақтау, пайдалану бағытында пікірлерін білдірді.
Ж.НАРИМАНОВА