ИНДЕР ҚОРҒАНЫС БӨЛІМІ КӨЛІКТІ БОЛДЫ

Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы  Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Қасым –Жомарт Тоқаев еліміздің қорғаныс саласының  басшылық құрамы және офицерлермен кездесуде «Қастерлі Отанымызды, қасиетті тәуелсіздігімізді қорғау-әр азаматтың перзенттік парызы» ,-деп сала мамандарына айрықша міндет жүктеген болатын.

Отан қорғауға тиіс әрбір азаматтарды есепке алуға жауапты жергілікті қорғаныс бөлімдерінің материалдық базасын жақсартуды жергілікті атқарушы билікке тапсырған болатын.

Жүктелген міндетті мінсіз атқару бағытында аудан әкімдігінің қолдауымен Индер аудандық қорғаныс бөліміне өткен жылы күрделі жөндеуден өткізілген жаңа ғимарат берілді. Сол уақытқа дейін аталмыш бөлім авариялЫқ жағдайда тұрған ескі ғимаратты мекен етіп келген болатын. Мамандардың алаңсыз жұмыс істеуі үшін жаңарған ғимаратты тапсыру кезінде  бөлімнің автокөлік мәселесін шешу бағытында шаралар қабылданатыны атап өтілген еді. Міне айтылған уәде сөзсіз орындалып  бүгін «ChevroIet Cobait» автокөлігі салтанатты жағдайда бөлімге  табыс етілді.

Жаңа автакөлікті тапсыру салтанатына қатынасқан аудан әкімі Дарын Шамұратов еліміздің қорғаныс саласына жауапты болып саналатын салаға қолдау көрсету әрдайым басты назарда ұсталынатынын атады.

Сала мамандары көрсетілген қамқорлыққа өз  ризашылықтарын білдірді.

С.КӨШЕКОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT