Индер бекетінде күзет күшейтілді

 Мемлекет басшысы әлемді алаңдатып отырған індетті ауыздықтау бағытындағы күресті күшейте түсуге пәрмен берген болатын. Әсіресе әрбір өңірге қатынайтын аумақтардағы бекеттер жұмысын жандандыруға баса назар аударылып отыр. Республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолының бойында орналасқан ауданға да асқан сақтық қажет. Осыған орай Индер ауданыңың Орал өңіріне қадам басар тұсына арнайы бекет қойылды.

Аталған бекетке аяқ басқанымызда полиция қызметкерлері Е.Алмасов пен Қ.Бекназаров, дәрігер Ж.Жаңабаевтың қызмет етіп жүргенін көрдік. Бекетте қызметкерлер үшін қажетті жағдайлар барынша қарастырылған.

p

Жас та болса осынау қызметке тартылған азаматтардың шалт-қимылы мен қырағылықтары кеселдің жолын кесуге негіз болары анық. Сондықтан олар өздері де мұқият болып, әрбір келген ауыр жүк көліктерінің құжаттары мен жүргізушілерінің денсаулықтарын мұқият тексеруге алған.

-Азық-түлік өнімдерін тасымалдайтын транзиттік ауыр жүк көліктеріне тиісті рұқсат берілген. Күніге 10-15-тей ауыр жүк көліктері өтеді. Оларды тексерумен қатар тиісті талаптарды сақтау турасында түсінік жұмыстарын жүргізіп, арнайы жадынама таратып отырамыз. Әрине, талап үдесінен шыға білу бағытында өз қызметімізге үлкен жауапкершілікпен қарау басты парызымыз,- дейді тәртіп сақшылары Ерлан мен Қуандық.

k

Ал дәрігер Жәдігер посттан өткен әрбір азаматтың дене қызуын «SEEK SHOTPKO» құрылғысымен өлшеп, тәжвирусынан қорғану шараларын түсіндіруде. "Құдай сақтасын, күні бүгінге көңілді құлазытар жағдай орын алып көрген жоқ" дейді ол.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, транзиттік автокөлік жүргізушілері азық-түлік өнімдерін Атырау қаласына дейінгі бекетке жеткізетін көрінеді. Ол жерде облыс орталығының полициялары тисінше жұмыстарды атқарады екен.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521