Индер ауданындағы көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары бойынша бүгінгі ахуал.

Аудан бойынша барлығы 7 ауылдық округте ұзындығы 17 850 м қорғаныс бөгеттері бар. Негізінен қауіпті аймаққа Жарсуат және Құрылыс елдімекендері кіреді, бөгеттердің 10 500 метрі осы аумақта орналасқан. Сондықтан осы аумақтарда бөгеттерді биіктету жұмыстары қарқынды жүруде. Бөгеттің биіктігі қауіпті аймақтарында 4-4,5 метрге дейін жетеді, және жалпақ болып соғылады. 

Қалған ауылдық округтерде де су тасқынына дайындық жұмыстары күшейтілген режимде жүріп жатыр. Барлық учаскелер арнайы техникалар мен кажетті құрал-жабдықтармен қамтылған қамтылған.
Қазіргі таңда, аудан бойынша аталған жұмыстарға 49 арнайы техника жұмылдырылса, алдағы уақытта қосымша 19 техника тартылмақ.
Сонымен қатар, қапшыққа құм толтыру жұмыстарына аудандық ТЖД-нің жеке құрамы, ауылдық округтердегі мекеме қызметкерлері мен еріктілер жұмылдыруда.
Бүгінгі күні жалпы адам күшімен 30 мыңға жуық құм толы қап дайындалды.
Жайық өзенінің 5 сәуір күнгі сағат 7:30дағы жағдайымен 2,55 м. Әзірге ауданда ахуал тұрақты.
Суға кеткен аумақтар жоқ.
Жұмыстар тәулік бойы жүріп жатыр. Қосымша ақпарат хабарланады.
Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT