Индердегі 30 білім беру мекемесі 2025–2026 жаңа оқу жылына толық дайын. Атап айтқанда, ауданда жалпы білім беретін мектептер, балабақшалар мен қосымша оқыту ұйымдары жұмысын жалғастырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
– Биылғы оқу жылына дайындық аясында бірқатар білім беру мекемесінде жөндеу жүргізілді. Мәселен М.Сиранов атындағы орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталды, – деді аудандық Білім бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашева.
Сонымен қатар ағымдағы жөндеуден 15 мектеп, 11 балабақша және 3 қосымша білім беру ұйымы өтті. Бүгінде барлық нысан жаңа оқу жылын бастауға толықтай әзір. Аудандағы білім беру мекемелерінде қазандықтарды ауыстыру қажеттілігі туындаған жоқ.
Индер ауданында білім беру нысандарын жөндеу мен жаңғырту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Бұл өз кезегінде білім сапасын арттырып, оқушылар мен педагогтер үшін қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік бермек.