Индер ауданында жәрмеңке өтті

Бүгін ауылшаруашылығының кезекті жәрмеңкесі әдеттегідей аудандық мәдениет үйінің алдында өтті. Шаруа қожалық иелері жаздайғы еңбектерінің жемісін тұтынушыларға көлікпен тікелей әкеліп ұсынып жатты.

Әсіресе, пияз бен картоппен бірге қауын-қарбызды да саудалаушылардың қатары көп болды. Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Абай Абдировтың айтуынша, Венера Мақанованың "ИндерАгро" шаруа қожалығы пиязды 90 теңге, сәбіз, асқабақ, қырыққабатты 150 теңгеден ұсынуда.

Сағат Садықовтың "Тоқбай" шаруа қожалығы қызанақ, қауын, қарбыз, Қ. Ақбасовтың шаруашылығы да көкөніс өнімдерін саудалады. "Қаратоқай" ШҚ (Лаура Шүменова) қаймақ, құрт, сүзбе және аққалалық кәсіпкер Алтай балын, оралдық кәсіпкер жүк көлігімен қапшықтап картоп саудалап жатты.

zharmenke111

-Бүгінгі ауылшаруашылығы өнімдерінің қай-қайсысы да күнделікті базар бағасынан төмен. Куә болғаныңдай жәрмеңкеге келген индерлік тұрғындардың қарасы көп. Сағат 9-да бастаған жәрмеңкемізді, қазір түске таман ғана аяқтаудамыз, -деді салалық бөлімнің бас маманы А. Абдировты сөзге тартқанымызда.

С. Сансызбайұлы.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз