Индер ауданында «Тоғызқұмалақ күні» аталып өтті

Бүгін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау аясында және Гиннес рекордын орнату мақсатында «Тоғызқұмалақ күні» Индер ауданында да аталып өтті. Тапқырлыққа, есептеу жылдамдығы мен тактикасына негізделген, математикалық ойлау мен төзімділікті дамытатын бұл шараға Аққала орта мектебінің оқушылары үлкен ықыласпен қатысты.
-    Бүгінгі шараға орай мектебіміздің 34 оқушысы қатысып, блиц түрінен сынға түсті. Дала шахматы аталатын тоғызқұмалақтың Гиннес кітабына енуіне олар осылайша өз үлестерін қосты, - дейді аққалалық тоғызқұмалақ ойыны үйірмесінің жетекшісі Амангелді Мұратов.
Төзімділік пен табандылық қасиеттерді қалыптастыратын тоғызқұмалақ ойыны шет елдердің де қызығушылығын оятып, бүгінде әлем чемпионаттары өтіп жатқанын да айта кеткеніміз ләзім.

Ақмарал Бокирова

Аққала ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT