Индер ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жұмыстар жалғасуда

Индербор кентінің орталық 7 көшесіне жол қозғалысын бөлу, бағыттау және тоқтау жолақтары және 26 жерге жаяу жүргіншілер өткелі жаңартылып сызылды. Жол белгілері мен таңбалардың жаңартылуы көшедегі кептелісті және авариялық жағдайлардың туындау қаупін азайтады. 

Сонымен қоса, аудан орталығындағы көпқабатты 4 үйдің қабырғасына әлеуметтік маңыздағы суреттер(мурал) салынуда. 
Салынған суреттердің мақсаты бала тәрбиесі мен салт-дәстүрді насихаттауға және халықты табиғатты аялауға бағытталған. 

Бүгін жергілікті қолөнер шебері Азамат Кенжеғалиевтің “Алтын балық” кіші архитектуралық композициясы “Арбат” бойына орнатылды. 

Бұл жұмыстар кенттің келбетіне оң әсер етіп, тұрғындар мен қонақтарға жақсы әсер сыйлайды деген сенім бар.

Индер ауданы әкімдігі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT