Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесі ауданымызда cән-салтанатымен тойланды. Орталықта таң атысымен сахна құрылып, алаң мерекеге сай безендіріліп, сазды әуен халықты орталыққа шақырады.
Табиғаттың құлпырып, тіршіліктің оянуының белгісі «Жер ана» мен «Көктем аруы» ортаға келіп самарқанның көк тасын жібітіп келген жаңа жылмен құттықтаса, мың бұралған отыз қыз табиғатпен үйлесім беретін композияциялық қойылымын ұсынды.
Орталық алаңға жиналған аудан халқы киіз үйлер мен мекемелер ұсынған наурыз тағамынан дәм татып, қуаныштарын білдіріп жатты. Мерекелік шараның екінші бөлімі аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Айта кетейік, бүгін мерекеге орай аудан орталығында 12 киіз үйлер тігіліп, алтыбақан орнатылды.
Жадыра НАРИМАНОВА