Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Индер ауданында да тұрақты өткізіліп келеді.
Айталық, бүгін өткен сенбілік кенттегі "Жастар" саябағының сәнін қалпына келтіруге арналды. Оған 75 мекемеден 450-ден аса адам қатысты.
Қатысушылар саябақ аумағын қоқыстан тазартып, қаптап кеткен арам шөптерін жұлып, белсенділік көрсетті.
Жастар ресурстық орталығының директоры Нұрбол Нұрланұлының айтуынша, сенбілікке 4 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 10 тоннаға жуық шөп пен қоқыс қалдықтары арнайы орынға жөнелтілді.
Тамыздың таңатпай тамған ыстығына қарамастан, индерліктер туған өлкеге деген жанашырлықтарын көрсетті.
Ақмарал Бокирова