ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 19-сәуір 19-мамыр аралығында «Қауіпсіз жол» облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Жедел профилактикалық іс-шараның мақсаты - жол жүрісі қауіпсіздігін күшейту, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларын ескерту және салдарының ауыртпалығын төмендету, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға бақылауды күшейту, облыстық тас жолдарында жол-көлік оқиғаларынан зардап шегетіндердің санын азайту, автомобиль жолдарында көліктік тәртіпті арттыру, мопедтер мен электроскутерлерді басқаратын тұлғалардың бұзушылықтарының алдын алу және анықтау сонымен қатар, жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу болып табылады.
Б.Қабиев, Индер АПБ ППТ-ның қызмет аға инспекторы полиция аға лейтенанты