Елде соңғы жылдары жүзеге асып келе жатқан саяси реформаның бірі – ауыл әкімдерін сайлау. Бұл – маңызы зор саяси науқан. Оған дейін ауыл әкімдерін мәслихат депутаттары сайлайтын. Енді ауыл тұрғындары өздері сенім артқан кандидатқа дауысын беріп, таңдау жасайды.
Осы арқылы сайланған әкімнің және оны таңдаған сайлаушылардың жауапкершілігін арттырады.
Бұл қадам азаматтардың өз өмірін жақсартуға тікелей қатысуы үшін жасалып отыр. Сол айтқандай, бүгін жарсуаттықтар өз таңдауын жасауды бастады.
Айта кетейк, Жарсуат ауылдық округ акімдігіне 3 кандидат тіркелді. Аталған округ бойынша Жарсуат ауылының өзінде #116, Құрылыста #117 сайлау учаскесі жұмыс жасауда.
#116 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ерлан Өтекеновтың айтуынша аталған округте 1682 тұрғын дауыс беру құқығына ие.
"Дендер"-Ақпарат