Индер ауданында 674 адам тұрақты жұмыспен қамтылды

Елімізде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, жұмыссыздық деңгейін төмендету негізгі әлеуметтік мәселенің бірі екендігі жасырын емес. Президент тапсырмасына сәйкес бұл бағытта еңбек нарығын дамытуға, халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдауға және оларды жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлінуде. Тиісінше, бұл ауқымды істер біздің Индер ауданында да атқарылуда.

Биыл Индерде Мансап орталығына 2 514 адам еңбек делдалдығына байланысты хабарласты. Оның ішінде 1 361 адам жұмыспен қамту шарасына тартылды. 

Бұл дегеніңіз 54,1 пайызды құрайды. Хабарласқандар ішінен 674 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, 687-сі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.

Қазіргі уақытта ауданда ресми жұмыссыздар есебінде тұрғандар саны – 1 066 адам. Биыл аудандық Мансап орталығы арқылы халықты жұмыспен қамту мақсатында 6 жәрмеңке өткізу жоспарланса, бүгінге дейін 5 рет жәрмеңке өткізілді. Қорыта айтқанда, пробация есебінде тұрған және мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру қашан да өзекті мәселе.

- Осы орайда аудан көлеміндегі мекеме - кәсіпорындардың жұмыс орындарын құруды біздің орталық арқылы жүзеге асыруға шақырамын. Бұл талап ең алдымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көрсетілген, нақты орындалуға тиісті тапсырмалардың бірі екенін қаперге беремін. Ал біздің орталық тарапынан бұл игі іс алдағы уақытта өз жалғасын таба беретін болады, - дейді "Мансап" орталығының басшысы Динара Мусина.

Саламат Базарбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT