Индер ауданына жаңа прокурор тағайындалды

Бас Прокурордың бұйрығымен Ешманов Нариман Олжабайұлы Индер ауданының прокуроры қызметіне тағайындалды.

Жаңа прокурорды Атырау облысы прокурорының орынбасары Нұржан Серікұлы дүйсенбіде аудан әкімдігінің мәжіліс залында таныстырды.
Нариман Олжабайұлы 1978 жылы туған. Прокуратура органдарында 2000 жылдан бері қызмет атқарады. Қызмет жолында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Атырау облысы басқармасында бас маман, прокурор, Жылыой ауданы прокурорының көмекшісі, Атырау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры және аға прокуроры, Жылыой ауданы прокурорының орынбасары, Атырау облысы прокуратурасының  басқарма бастығы, Махамбет ауданының прокуроры лауазымдарын атқарған. Осы тағайындауға дейін Атырау облысы Мақат ауданының прокуроры болды. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі. 
Ал бұған дейін аудан прокуроры болып қызмет атқарған Сахиев Абзал Смағұлұлына осы жауапты жұмыстағы адал еңбегі мен үлгілі қызметі үшін аудан әкімінің орынбасары  Артур Мурзин алғысын білдіріп, «Дауылпаз» медалін табыс етті. Сондай-ақ  аудандық мәслихат хатшысы Абзал Рамазанов ақ тілегін жеткізіп, Алғыс хат табыстады. 
Өз кезегінде жаңадан тағайындалған аудан прокуроры Нариман Олжабайұлы артылған сенімді ақтауға, ел мүддесі үшін адал қызмет етуге, заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды сапалы үйлестіруге күш салатынын атап өтті.


С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT