ИНДЕР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ӨКІМІМЕН САХИПОВ БАҚЫТЖАН САНСЫЗБАЙҰЛЫ ИНДЕР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.
Сахипов Бақытжан Сансызбайұлы 1988 жылы 8 наурызда Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінде дүниеге келген.
Білімі жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы «Индергаз» ЖШС-де есепшінің көмекшісі болып бастаған. 2007-2008 жж. Қарағанды қаласы, Майқұдық мөлтек ауданында әскер қатарында болған.
2010-2013 жж. Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің бас есепшісі.
2013-2014 жж. Индер аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің экономисті.
2014-2015 жж. Индер ауданының жұмыс пен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінің директоры.
2015-2018 жж. Индер аудандық кәсіпкерлік,өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы.
2019-2024 жж. Аудандық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.
Отбасылы.