Индер аудандық сотына өткен жылда 283 азаматтық іс түскен

Аудандық сотта сот төрағасы Жанат Хабаров БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен жылдың жұмысын қорытындылап, брифинг өткізді.

Ең алдымен сот төрағасы сот төрелігі сапасын арттыруда, азаматтардың талап-өтініштерінің заң шеңберінде қаралуын қамтамасыз етуде, соттың ашықтығы мен халыққа қолжетімділігін насихаттау, соттардың жұмысының шынайылығын халыққа жеткізу мақсатында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылып келетіндігіне тоқталды.

Атап айтсақ, аудандық сотқа былтыр барлығы 283 азаматтық іс түскен. Оның ішінде 129 азаматтық және 2 қылмыстық іс медиация тәртібімен, 3 азаматтық іс татуласу келісімін бекітумен тоқтатылған. 2021 жылдың 12 айында түскен 25 қылмыстық істің ішінде 4 іс онша ауыр емес, 13 іс ауыр қылмыс, 8 іс орташа ауырлықтағы қылмыстық істер санатына жатады.

Сондай-ақ, әкімшілік істер бойынша 138 тұлғаға – әкімшілік айыппұл, 48 тұлғаға ескерту, 121 тұлғаға – әкімшілік қамақ, 5 тұлғаға – көлік құралын жүргізу құқығынан айыру, қосымша әкімшілік жаза бойынша 29 тұлғаға көлік құралын жүргізу құқығынан айыру берілсе, 21 әкімшілік іске жекеше қаулы шығарылған. Сот саласында заманауи технологияларды қолдану және сот ісін жүргізудің тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретін «SMART сот» жобасы аясында өткен жылда 22 электронды қылмыстық іс қаралған. Ал, аудио мен бейнежазба құралын пайдалану арқылы 26 қылмыстық іс қаралған.

Сондай-ақ, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша МВКС, ВКС, whatsapp желісі арқылы барлығы 1159 іс қаралған. Брифинг соңында сот төрағасы Жанат Хабаров алдағы уақытта да сот ісін жүргізуді әрі қарай жетілдіру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімен арттыру бағытында атқарылатын жұмыстарды атап өтті. Жалпы, сот жүйесін ақпараттық сүйемелдеу аясында дөңгелек үстел, семинар сабақтар, брифинг, прессконференция, сұхбаттар жиі өткізіліп келеді.

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521