ҒЫЛЫМ ЭКОНОМИКА ТІРЕГІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында     «Дамыған елдер ғылымға да, технологияға да баса мән беріп жатыр. Заманның беталысын баршаңыз көріп отырсыздар. Жаһандық геосаяси ахуал тұрақсыз, құбылмалы, сын-қатерлер аз емес. Бірақ қытай халқының белгілі пайымдауына сенсек, дағдарыс кезінде жаңа мүмкіндіктер туады. Қазір – инвестицияның, ғылым мен жоғары технологияның уақыты. Бүгінде кез келген елдің әлемдегі орны ғылымның даму деңгейіне қарай анықталады. Экономикалық өсім ғылымға тікелей байланысты, бұл – аксиома. Түрлі мемлекеттер арасында технологиясы дамыған озық ел болу үшін күрес жүріп жатыр. Орталық Азиядағы бәсекелестік те күшеюде, бұл – түсінікті, заңды үрдіс»,-деуінде үлкен мән жатыр.

Индер ауданында жерасты байлығының негізгі қоры  кезінде ғылыми зерттеулер арқылы дәлелденіп бұл күнде өз нәтижесін беруде. Тұз, гипс ұнтақтарын өндіру секілді жұмыстар бұ күнде қарқын алуда. 

Нәтижесінде ауданда инвестициялық белсенділік артып келеді. 2025 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 20 млрд. 131 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге өсті. Негізгі өсім өндірістік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған ірі жобалармен тікелей байланысты  Сонымен қатар, жалпы құны 898 млн.теңге құрайтын әр түрлі кәсіпкерлік бағытта 17 шағын жобалар іске қосылып, онда 36 адам жұмыспен қамтылды,-дейді аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Айгүл Үмітқалиева.

С.ЕРСАЙЫНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT