Үгіт тобы байланысшылармен кездесті


ҚР Президенттігіне кандидат Қасым - Жомарт Тоқаевтың сенімді тұлғалары Атырау облыстық коммуникациялар дирекциясы - "Қазақтелеком" АҚ филиалында болып, ұжыммен кездесті.
Іс-шара барысында үгіт-насихат тобының мүшелері үміткердің сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, қатысушыларға үгіт-насихат парақшаларын таратты. "Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде және ол жалғасуы тиіс. Қасым – Жомарт Кемелұлын алдағы сайлауда қолдай отырып, жаңа Қазақстанды құруда лайықты үлес қосатынымызға сенімдіміз", - деп атап өтті топ мүшелері.

Өз кезегінде "Қазақтелеком" өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілеріне қолдау білдіріп, өздерінің азаматтық ұстанымын танытып, алдағы сайлауға белсенді қатысуға уәде берді.
Айта кетейік, үгіт - насихат науқаны облыста ағымдағы жылдың 21 қазанынан басталған болатын.
Рита ӨТЕУҒАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521