Газет ұжымы «Ең мейірімді редакция» аталымы бойынша марапатталды

«Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған «Ең мейірімді» байқауында «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ ұжымы «Ең мейірімді редакция» аталымы бойынша жүлделі II орынға ие болды.

Аталған байқау бойынша, Қостанай облысынан «Ритм» газеті I орын алса, Атырау облысының «Мақат тынысы» газеті III орын иеленді. Айта кетейік, «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ ұжымы мұқтаж отбасылар үшін қайырымдылық шараларын 2016 жылдан бері жүйелі ұйымдастырып жүр. Әр жанұяға азық-түліктер үлестіріліп, ақшалай да көмек беріліп келеді. Әр жылы дәстүрлі түрде Наурыз мейрамы, «Мектепке жол» акциясы, Ораза айт, Құрбан айт мерекелерінде және Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылады. Сондай-ақ, аталған акциялардан тыс, науқас жандардың еміне қаражат та жинап беріп келеді. Бүгінге дейін агенттік ұжымы 20 отбасыға қол ұшын созды. Соның ішінде 4 жанұя тұрақты қамқорлыққа алынған. Осы ұжымның тұрақты қамқорлығындағы 4 жанұяға қосымша көмек көрсету үшін кәсіпкер азаматтардың да демеушілік қаражаты тартылады. Бұдан бөлек, агенттіктің жеке қызметкерлері де акциялардан тыс, өз еркімен және жеке қаржысына жәрдем беріп келеді. Еске сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаттарының бірі – жақсылыққа жаны құмар адамдарды біріктіру және ұйымдастыру, қоғам мен адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік беретін, жомарттық пен жақсылық идеясына негізделген қоғам құру.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика