Ескі үлгідегі 5000 теңге банкноталар айналысы кезеңі аяқталады

  • 2025 жылғы 25 қыркүйекте 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттардың қатар айналысы кезеңі аяқталады;
  • 2025 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып табылмайды;
  • 2025 жылғы 25 қыркүйектен бастап барлық банк пен Қазпошта 3 жыл ішінде ескі үлгідегі 5000 теңге банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға айырбастайды;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары ескі үлгідегі 5000 теңге банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға мерзімсіз айырбастайды;
  • заңды төлем құралы болып табылатын банкноталар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Атырау филиалы қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөліміне мекенжай бойынша Атырау қ., Уәлиханов көшесі, 2а немесе 8 (7122) 55-65-14 телефоны бойынша хабарлауға болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT