Есболдық отбасы ел үлесімен баспаналы болды (ФОТО)

Атырау облыстық «Иманғали» мешіті тағы бір оң бастаманың жүзеге асуына себепші болды. Еліміз бойынша қолға алынған «Ел үлесі – пәтерге» акциясының аясында 248 пәтердің кілті Индер ауданына қарасты Есбол ауылдық округінің тұрғыны Сәтжан Рамазановқа табыс етілді.

 Ғасырға жуық уақыт тарихы бар ауылда бұрынғы баспанасы тұруға жарамсыз болып қиындық көріп келген отбасының заманауи үлгідегі тұрмысқа бейімделген жайлы баспана салып алуға жағдайы мәз емес еді. "Сен осылай қиындық көріп жүрсің ғой, баспана салып немесе сатып аларсың" деп ешкім қалтадасындағы қаржысын шытырлатып санап беруге міндетті емес екені тағы белгілі.

esb

Жыл басында облыс орталығындағы бас мешіттің бастамасымен өткен қайырымдылық шарасынан бөлінген азық-түлік көмектерін осы ауылға тарату кезінде мешіт қызметкерлері аталмыш отбасыға келген. Олар кешіп отырған қиындықты көзбен көрген жігіттер осы мәселені бас имамның алдына қойған көрінеді. Бас имам Алтынбек Ұтысқанұлы аталған жайды жан-жақты зерделеп, қайткен күндеде аталмыш отбасының жайлы қонысқа қол жеткізуге жағдай жасау қажет деген ұйғарымға келіп жомарт жүректі жігіттерге хабарласқан.

eski-uj-aldy

eski-uj

Атымтай жомарттық әуелден қанында бар қазақтың жігіттерінің арасында мырзалық танытқандар шығып аз уақытта қажетті қаражатта жиналған. Бір жағынан бұл істің лайықты жүзеге асуына ауданның тумалары, өрліктік Қайрат және Асхат Тантаевтардың және ауыл азаматы Ерболат Сабировтың еңбегі ерекше екенін бас имам айрықша атады.

-Қайырымдылықты қасиетті іс санайтын әрбір қазақтың жанашырлығының арқасында еліміз бойынша 248 отбасы баспаналы болды. Біздің облыс бойынша биылғы жылдың өзінде 9 отбасы жайлы баспанаға қол жеткізіп отыр. Ол өңір азаматтарының демеу қаражатына алынып отырған баспаналар. Жалпы мұнайлы аймақта осындай игі бастамалар көптеп саналады. Тіпті көбі қол ұшын созғанда аты-жөндерін атамай Алланың ризалығы үшін жәрдемдесіп отырмын дейді. Сөз жоқ мұның өзі азаматтардың игі жақсылықтарды жарнама немесе мақтаншылық болмаса асып-тасқандықтан жасамайтынын көрсетеді. Сондықтан да оларға Алланың нұры жаусын демекпін. Ал баспананың иелеріне тілерім іші құтты болғай!,-деді бас имам.

«Көп түкірсе көл» демекші көптің қаржысына сатып алынған баспананы жаңа иесіне табыстау сәтін де Сәтжан бауырымыздың жылы лебізі де көпті толқытқаны анық.

-Шыны керек қол аяғым балғадай маған мұндай жағдайдың жасалып отырғанына өзім де ыңғайсыз жағдайда сезініп отырмын. Десек те бұл балаларыма Аллада бұйырған несібе деп білемін. Сондықтан осынау сәтте қолдау көрсетіп, қол ұшын созған абзал азаматтарға ризашылығым шексіз. Жасаған ізгі амалдарыңыз Тәңірден қайтсын дегім келеді,-дейді ол.

Атап өтерлігі жыл басынан бері аталған ауылдық округте қайырымдылық есебінен осымен екінші отбасы баспанаға иа болып отырған жайы бар. С.КӨШЕКОВ Есбол ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521