Ерен еңбегі еленді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарға алғысын білдіріп, салтанатты түрде марапаттады. Табиғи апат салдарынан Қазақстанның 10 аймағында төтенше жағдай жарияла - нып, ел аумағында 19 мыңнан астам тұрғын үйді су басқан еді. Топан сумен күреске күштік құрылымдардың 63 мыңнан астам қызметкері атсалысты.

Марапат биігінен индерлік тракторшы Атабаев Самат Галлемұлы да көрініп, мемлекеттік марапат – «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды. Ол 1975 жылы 20 тамыз күні Индербор кентінде дүниеге келген. Индер кәсіптік-техникалық училищесін кең көлемді тракторист-машинист мамандығы бойынша бітірген. Алғаш еңбек жолын 1994 жылы «Дендер» АҚ бульдозерді, кейін 2015-2019 жылдары «Қара жыра» ЖШС экскаваторды тізгіндеген ол 2020 жылдан бері «ИндерСу» мекемесінде шынжырта-банды экскаватор операторы қызметін атқарып келеді. Кент тұрғындарына көрсетілетін коммуналдық қызмет сапасын жаңа сатыға көтеру ісіне және кент тұрғындарын ауыз сумен қамтуда өз үлесін қосып келеді. Өзіне тапсырылған міндеттерді ұқыпты, жауапкершілікпен атқаратын білікті маман.

Еңбек жолында қауіпсіз жұмыс атқару үрдістерін игеруде қажетті білім мен тәжірибе жинақтап, кәсіптік деңгейін өсіруге жұмыстанып, білгенін жасмамандарға үйретіп жүр. Биылғы су тасқыны уақытында Жарсуат ауылында бөгет тұрғызу жұмыстарына уақытпен санаспай еңбек етті.

– «Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер» дейді дана халқымыз. Биыл елімізде, оның ішінде, ауданымызда да су басу қаупі төніп, ауыл азаматтары күн-түн демей еңбек етті. Өзім Жарсуат ауылында 31 наурызбен 1 мамыр аралығында болып, бөгет тұрғызу, биіктету жұмыстарын атқардым. Қиын күндер артта қалып, қазір жағдай тұрақтанды. Бұл еңбегіміз ескеріліп, Президент қолынан марапат алу да бұйырды. Марапатқа ұсынған аудан әкімдігі мен «ИндерСу» мекемесі басшылығына алғысым шексіз, - дейді марапат иесі Самат Атабаев.

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521