Ерегескен екеу жол апатын жасап тынды

Индер ауданында екі ай көлемінде осымен бесінші жол-көлік оқиғасы орын алды.

Мәселен, бүгін, түстен кейін Индербор кентінің Ш.Уәлиханов көшесінде екі көлік бір-бірімен соқтығысып, оның салдарынан көлік иелері материалдық шығынға тап болды.
Айталық, Қонаев көшесінен келе жатқан "ВАЗ – 2115" мемлекеттік нөмірі 048 автокөлігін тізгіндеген азамат А.Р басты бағыттан өтіп бара жатқан "Тойота камри" мемлекеттік нөмірі 617 автокөлігін тізгіндеген Ж.С. азаматқа жол бермей, автокөлігіне соқтығысқан. Содан "Тойота камри" автокөлігі жолдың жиегіндегі бағананы сындырып жіберген.

Абырой болғанда жүргізушілер дін аман. Алайда, ӘҚБтК-нің 610-ы бабының 1-і бөлімінде көрсетілгендей құқық бұзушылық жасаған азаматқа А.Р.-ге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, ісі аудандық сотқа жолданыпты.

Гүлалия Игілікова

Сурет: Әлеуметтік желіден алынды

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз