Енді сотқа үйде отырып қатысасыз

Индер аудандық соты аудан орталығынан қашықтықта орналасқан ауылдық округі тұрғындарымен сот процестерін «TrueConf» мобильдік қосымшасын қолдану арқылы өткізуде.

Аталған жоба аясында Индер аудандық соты ағымдағы жылдың 22 қазанында Қызылқоға ауданының тұрғынымен «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы онлайн тәртібінде неке бұзу туралы азаматтық істі қарады. Электронды ақпарат алмасу уақытты үнемдеумен қатар, сот процестерін жеңілдетеді, бюрократиялық кедергілерді жояды, сот қызметкерлерінің азаматтармен тікелей байланысын азайтып, сот жүйесінің ашықтығына және қолжетімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.Мұндай озық технологияларды енгізу сот процестерін автоматтандыруды ғана емес, сонымен қатар, оның үдерісін едәуір жеделдетуге мүмкіндік береді.

Әсіресе, ауа райының қолайсыз жағдайында азаматтар өз үйінде отырып, сот процестеріне қатыса алады. Аталған заманауи жүйелер сот отырыстарын тараптардың сотқа қатысуынсыз қарауына көмектесіп, алшақ жерде тұратын азаматтардың қаражатын үнемдеуге көмегін тигізеді.

Э.Төлепбергенова,

аудандық соттың кеңсе меңгерушісі.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21