Елтай ауылдық округінің әкімі сайланды

Бүгін Индер ауданына қарасты Елтай ауылдық округі әкімін сайлау өтті.

«Жастар орталығының» фойесінде алдымен Қазақстан Республикасының Гимні орындалған соң,  аудандық  мәслихат хатшысы  Бағдат Сапаров сайлауды ашық деп жариялады.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділгерей Сәкенов сайлау өткізу тәртібімен таныстырды.

Сайлау науқаны барысында Елтай ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидат болып, 3 үміткер ұсынылып, біреуі Иманғазиев Бауыржан Есқабылұлы өз өтінішімен қалыс қалды. Қалған екі кандидат Құспанов Нұртас Оразұлы мен Хасанов Олжас Бейбітұлы дауысқа түсті. Сайлауға аудандық мәслихаттың барлық 11 депутаты қатысты.

Сенім артылған халық қалаулылары бюллетеньмен жеке кабинада жасырын түрде дауыс берді. Содан соң сайлау жәшіктері тексеріліп, сайлау бюллетені саналды. Нәтижесінде көп дауыс жинаған Хасанов Олжас Бейбітұлы Елтай ауылдық округі әкімі болып сайланды.

Индербор кентінің тумасы Олжас Бейбітұлы бұған дейін Индербор кенті әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген болатын. Жас әкімнің жұмысына тың серпін, жаңа жетістік тілейміз.

С.БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521