Елімізге азық-түлік тауарларының 56 пайызы шеттен келеді

сурет BAQ.KZ. сайтынан алынды

Еліміз әлеуметтік маңызы бар тауардың тоғыз түрі бойынша импортқа тәуелділігі 16,2 пайыздан 56 пайызға дейін. Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин осылай деп мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Ол қант бойынша импортқа тәуелділік 90 пайыздан асатынын атап өтті.

Кейбір тауарлар бойынша біз халықтың тұтынуынан едәуір жоғары қамтамасыз етілгенін атап өтеміз. Алайда, көрші нарықтардағы жағдайларға байланысты біз агрессивті экспортты байқаудамыз. Әсіресе көкөніс өнімдеріне. Біз ішкі нарықты қамтамасыз еттетін және азық түлік секторындағы дағдарыстарға төзімді саясатын құруымыз керек, - деді Жұманғарин Үкімет отырысында. 

Оның айтуынша, осы жылы тарифтік әрі тарифтік емес реттеу шаралары оң нәтиже берді.

Мәселен, күнбағыс тұқымына кедендік баж салығын енгізу нәтижесінде өндірушілерде күнбағыс майының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік туды. Қазіргі уақытта өңдеу кәсіпорындарында және сауда орындарында күнбағыс майы бағасының төмендеу динамикасы байқалады. Пияздың агрессивті экспортын болдырмау үшін 3 айға экспортқа тыйым салынған, кейінен бұл тыйым квотаға ауыстырылды. Бұл шара халықты пиязбен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді және алдыңғы жылдардағы қырыққабат пен картоп сияқты бағаның күрт өсуіне жол бермеді, - деді вице-премьер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521