МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХХХІV СЕССИЯСЫНДА: «ЖҰРТЫМЫЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН МАРАПАТ — ЕЛДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ. ШЫН МӘНІНДЕ, ҚОҒАМДА ТАТУЛЫҚ БОЛМАСА, БАСҚА ЖҰМЫСТЫҢ БӘРІ БЕ КЕР БОЛМАҚ. БЕРЕКЕ-БІРЛІГІМІЗДІ САҚТАЙ АЛМАСАҚ, ҚАСТЕРЛІ ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ БАЯНДЫ БОЛУЫ ДА ЕКІТАЛАЙ. ЕЛІМІЗДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ ҮШІН АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІ ТАБАНДЫ ЕҢБЕК ЕТІП КЕЛЕДІ. МЕН БАРШАҢЫЗҒА ШЫН ЖҮРЕКТЕН АЛҒЫС АЙТАМЫН. АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ДА ЕЛ ИГІЛІГІН АРТТЫРУҒА МОЛ ҮЛЕС ҚОСА БЕРЕСІЗДЕР ДЕП СЕНЕМІН» – ДЕГЕН БОЛАТЫН. Иә, бір шаңырақ астында бірлік пен татулықты ту ет кен ұлттар мен ұлыстар ме кен етеді.
Солардың бірі – Индербор к е н ті ні ң т ұ р ғ ы н ы Ч е р н я е в а А н а с т а с и я Александровна. Ол кенттегі Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепті бітірген соң Атырау бизнес және құқық колледжінде заңгер мамандығын меңгеріп, кейін қазақстандық инновациялық телекоммуникация университетінен жоғары білім алған. Алғаш еңбек жолын 2015 жылы аудандық прокуратурада маман бо лып бастап, 2017 жылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, 2018 жылы С.БАЗАРБАЕВ Индер ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында, 2019-2025 жылдары «Индер Су» мекемесінде еңбек етсе, қазіргі таңда аудандық ауру хана мен Отбасын қолдау орталығында мемлекеттік сатып алу бойынша маман болып жұмыс істейді. Ол қазақ тілінде емін-еркін сөйлейді. Күнделікті өмірі мен қызметіне қазақ тілінің көмегі тиіп жүр екен. – Мектеп пен жоғары оқу орнында орыс тобында оқысам да қазақ тілін меңгеру қиын болмады. Алғаш еңбек жолымды аудандық прокуратурада бастағанымда мемлекеттік тілді меңгердім. Жалпы тілді үйрену үшін қажеттілік керек. Олай дейтінім, күнделікті өмірде адам дармен қазақ тілінде сөйлескендіктен, үйренгеніңді ұмытпайсың. Керісінше, әрі қарай жетілесің. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы тойлануда. Ассамблея – түрлі этносаралық татулықты қамтамасыз етіп, халық бірлігін нығайтатын институт қой. Осы орайда Ассамблея мүшелері әртүрлі ұжымдық іс-шараларға қатысып, өздерінің қызығушылықтарымен бөлісіп, маңызды мәселелерді талқылап келеді. Президентіміз айтқандай, қазақ жерін мекен еткен барша этнос өкілдері мемлекетімізді дамытуға үлес қосып, еңбек етіп жүр. Мен де өз мамандығым бойынша жұмыс жасап келемін. Негізінен мен белсенді өмір салтын ұстанамын, спортпен айналысқанды ұнатамын. Хоббиім – балық аулап, саңырауқұлақ теру. Болашақта үлкен, жайлы, бақшасы бар үйім болса деймін, – дейді Анастасия Черняева арманы мен бөлісіп. Ол 2012 жылы Георгий Черняев пен отбасын құрды. Бүгінде үш баланы тәрбиелеп өсіруде. Анасының есімі - Наталья Поленова. Иә, еліміздегі татулық пен ауызбіршілік, Отанға деген сүйіспеншілік пен еңбекке деген құлшыныс бейбітшіліксүйгіш Қазақстанды жарқын болашаққа бастай береріне сенеміз.
Ж.НАРИМАНОВА

