Экология мәселесі индерліктер үшін де өзекті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында экология мәселесіне айрықша тоқталды. Президент табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және жасыл экономикаға көшу – ел дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

Бұл бастамалар Индер ауданы үшін де өзекті. Кезінде ауданымызда Индер борат кенішінен өзге де бірнеше ірі кәсіпорындар жұмыс істегені белгілі. Солардың ішінде қоршаған ортаға ең қауіптісі – Индер желілік өндірістік басқармасы болғанын аудандық экологиялық инспекцияның бұрынғы басшысы Марат Мұқанов кезінде атап өткен еді. Өкінішке қарай, бүгінгі күні аталмыш инспекцияның жабылып қалуы экологиялық бақылаудың әлсіреуіне әкелді.

Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан алдағы уақытта экологиялық мәдениетті арттыру, табиғатты қалпына келтіру және жасыл желектендіру ісіне аудан кәсіпорындарының да белсене атсалысқаны жөн болар еді. Бұл – тек қоршаған ортаның емес, болашақ ұрпақтың да амандығының кепілі.

Саламат Базарбаев

тілші 

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT