ЕГІС ДАЛАСЫНДА ҚЫЗУ ЕҢБЕК

«Табыс тапқандікі, мал баққандікі" демекші, бүгінде аудан бойынша егін шаруашылығымен айналысатын епті еңбекқор жандар көктемде сепкен тұқымдарынан шелектеп өнім жинауда. Дала жұмыстары дамыл тапқызбайтын олардың кейбірі  алғашқы да зиянкес құрттан зиян шегіп қалғаны да белгілі. Дегенмен сағы сынбаған олар қайта егіп үлгеріп, қайткенде де өнім алуды көздеген еді. Солардың ішінде көктоғайлық Амантай Қабдолдың «Шаңырақты» шаруа қожалығы да бар. Ақсай каналы бойында тамшылатып суару әдісімен егін салып отырған қожалық бірнеше адамды жұмыспен қамтып, ауылды көкөніс, бақша дақылдарымен жарылқап отыр. Сондай-ақ  «Манас» шаруа қожалығының да өнікті еңбегін атап өтуге болады.
-Биыл жаз жайлы болды. Каналдар суға толы. Дымқыл да мол болғандықтан дала да жайқалып тұр. Төрт түлік таңдап жейтін өсімдік бар десе де болады. Соған сай мал азығы да жылдағыдай мазаламайды. Ауыл тұрғындары үшін жазғы судың кідіріссіз жүргені де көмек болып, бақша егіп, нәпақаларын айыруда. Жылдан жылға ауылдың жағдайы жақсарып келе жатыр,-дейді Көктоғай ауылдық округінің әкімі Мәмбетқали Құсайынов.


Ж.Ісім,
Көктоғай ауылы

ФОТО АШЫҚ ДЕРЕККӨЗДЕРДЕН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521