Ең жауапты науқан

Сайлау жақындаған сайын халықтың оған қызығушылығы да арта түсіп отыр деп ойлаймын.

Себебі, қазіргі жағдайда елімізде кезектен тыс сайлау өткізудің мәні зор. Осы  саяси бастама тұрақтылықты сақтап қалу  және мемлекетіміздің бағыт-бағдарын, даму жолын одан әрі жалғастыру үшін жасалған нақты қадам. Елдің дамуына, бүгінгідей қиын кездерде жаңа өзгерістерге бейімделуімізге  жол  ашады. Сол себепті танымал тұлғалар, белгілі қайраткерлер, ауданымыздың бетке ұстар азаматтары мен қатардағы қарапайым адамдар да саяси науқанға үлкен үмітпен қарайды. Мемлекетіміздің келешегін айқындайтын, ел тағдырын шешетін  сәтте  олар бейжайлық танытпай, 20 қарашада  өз таңдауларын жасайтыны анық. Бұл жолғы сайлау еліміздегі ортақ мақсаттың, татулықтың, ауызбірліктің, болашаққа деген толық сенімнің көрінісіне айналады деп сенемін.

Өткен отыз жыл ішінде  Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық ел ретінде танытты. Егемендігін алып, туын тігіп, іргесін бекітіп қана қойған жоқ, әлем жұртшылығы таныған тұлғалы мемлекетке айналды, үлкен, мызғымас беделге ие болды. Соның бәрі – демократиялық жолды таңдағанымыздың жемісі. 20 қарашада өтетін сайлауда да біз халықаралық қоғамдастықтың  жағдайды бақылап отыратынын ұмытпауымыз керек. Сайланған Президент мемлекет басшысының функцияларын жүзеге асыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепіл болуға халықтың сенім мандатын алады. Өйткені, Президент ел дамуының ішкі-сыртқы даму бағдарын айқындап, мемлекетімізді халықаралық аренаға танытып, Қазақстан Республикасының  егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау туралы шешім қабылдайды. Бұған дейін қабылданған стратегиялық бағдарламаларды тиімді іске асыруды жалғастыруға, елімізде тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтауға және оны  әрі қарай тиімді дамытуға мүмкіндік туады. Мемлекет басшысы өзінің Үндеуінде «Президент халық қалауы бойынша сайланады» деп астын сызып тұрып бекер айтқан жоқ. Алдағы сайлауда біздің қоғам Тәуелсіз еліміздің басында тұруға лайықты тұлғаға  дауыс беретініне күмәнім жоқ.

Өмірболат Есенғалиев,

"Amanat" партиясы Құрманғазы аудандық филиалының атқарушы хатшысы

Сурет ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT