Дүниежүзілік көшпенділер ойынындағы Атырау облысының елшілері құрамында кімдер бар?

V дүниежүзілік көшпенділер ойынына Атырау облысынан аттанған делегация құрамында Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушылар, халықаралық деңгейде жетістіктерге жеткен спортшылар бар.

Қазақ күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қызылқоға ауданының құрметті азаматы Мәлік Сүлейменовтің айтуынша, V дүниежүзілік көшпенділер ойыны - ұлттық спорттың мерейі тасыған күн.

"Көшпенділер ойындары - халқымыздың керемет дәстүрі, мәдениеті, бай тарихы. Мұндай ауқымды шаралар ұрпағымыз үшін керекті шара. Себебі осындай дүниелер ұлттың рухын көтереді" дейді Қазақ күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәлік Сүлейменов.

Нұрболат Ізімғалиев - Атырау облысының делегациясы құрамындағы елші.

Қазақ күресімен шұғылданып жүрген спортшы Азия ойындарының күміс жүлдегері, Әлем кубогінің күміс жүлдегері, Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

"Әлем елдерінің даңқты сайыпқырандары қатысып жатқан бәйгеде атыраулық спортшыларға жанкүйер боламын. Әрі елші ретінде іс-шараларға қатысамын. Осындай халықаралық деңгейдегі тарихи оқиғаның куәгері болу мен үшін үлкен мәртебе" дейді Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрболат Ізімғалиев.

Еске сала кетсек, V дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8 қыркүйек күні басталады. Бүгін атыраулық делегация "Бірлік керуені" атты ауқымды шараға қатысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT