Директор үш бірдей марапатқа ие болды

  • Индер аудандық балалар  спорт мектебінің директоры, аудандық мәслихат депутаты  Биғамбаев Мәлік Қабдрашұлын кәсіби мерекелеріне орай  үш бірдей мәртебелі марапатқа ие болды.
  •  Алдымен спорт саласын дамытуға елеулі үлесі үшін Министр Д.Абаевтан Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт Министрлігінің  Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар    Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм  және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының  «Еңбек даңқы» медалімен және Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің «Қас батыр»  медаліне ие болды.
  • Мәлік Қабдірашұлы дене тәрбиесі институтын аяқтағаннан бергі саналы ғұмыры Атырау өлкесінің спортын дамытуға арналған. «Қайрат» спорт қоғамының басшысы, медициналық, педагогикалық училищелерінің дене тәрбиесі жетекшісі, Атырау мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы, Атырау күрес федерациясының вице-президенті, Атырау спорт кешені директорының орынбасары қызметтерін абыроймен  атқарған.
  • Ал 2016 жылдан бері Индерде аталмыш спорт мектебінің директоры қызметін жемісті атқарып келеді.  Қазір ауданда түрлі спорт түрлері қарқынды дамып келе жатса, шәкірттерінің де табыстары көңіл қуантады.  Ол сондай-ақ бұған дейін денешынықтыруға және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін төсбелгінің де  иегері болған еді.
  • Индер спортын өрге сүйреген Мәлік Қабдірашұлына елеулі еңбегінің зейнетін көріп, ұзақ та бақытты ғұмыр кеше беруіне тілектеспіз!
  • С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521