ДИПЛОМАТИЯ ДҮЛДҮЛІ

 ДЕНДЕР ЖЕРІ ӘР САЛАДАҒЫ НЕБІР ТАЛАНТТЫ ТҮЛЕКТЕРІМЕН ТАНЫЛҒАН.  СОЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА ТУҒАН ЖЕРІМІЗДЕН ТҮЛЕП ҰШҚАН ПЕРЗЕНТТЕРІМІЗ АРАСЫНДА ЕЛІМІЗДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТЫП ЖҮРГЕН ДИПЛОМАТИЯНЫҢ ДҮЛДҮЛДЕРІ ДЕ  БАР.

ЖақындаПрезидентіміз Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің І сыныпты кеңесші-дипломаты, журналист, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты, «Ерен 
еңбегі үшін» медалінің иегері, Индер ауданының «Құрметті азаматы», жерлесіміз  Еңсепова 
Гүлсім Бақытқызы жоғары мемлекеттік награда - «ҚҰРМЕТ» орденімен марапатталды.
 Дипломат қызымыздың мемлекеттік қызмет пен дипломатия саласындағы еліне сіңірген еңбегінің лайықты бағаланған қуанышына ортақтасып, қызметіне табыс тілеп, құттықтаймыз! 
Туған жері үшін алаңдап, үнемі тығыз байланыста жүретін жерлесіміз журналист ретінде де ауданымыздың ақпарат саласына үлесін қосып, «Дендер» газетіне халықаралық тақырып пен сыртқы саясаттың сындарлы мәселелерін көтерген мақалаларымен үн қосып отыратынына алғысымызды білдіреміз. 

Ж.АМАНТУРЛИН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT